Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жеңімпаздар анықталды

Жеңімпаздар анықталды
ашық дереккөз
Жеңімпаздар анықталды
Бүгін облыс орталығында «Қайырымдылық керуені» V Республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Бесінші рет өткізіліп отырған республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 900-ден астам адам қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, КТК ақпараттық агенттігінің қолдауымен, сондай-ақ Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Қайырымдыдылық керуені» республикалық байқауы қайырымдылықты, жомарттықты және қазақстандық қоғамдағы белсенді азаматтық бастамаларды насихаттауға бағытталған. Облыстың әр аумағынан аталмыш конкурсқа «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Жануарға мейірім», «Бала жүрегі» сынды жеті номинация бойынша 42 азамат қатысты. Олардың алтауы топ жарып, жеңімпаз атанды. Салтанатты шарада облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова мен облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева құттықтау сөз алып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен байқау қорытындысы бойынша, Тараз қаласының төрт баласының әкесі Саламат Алламбергенов «Батыл жүрек» номинациясының алтын жүлдегері атанса, патронат тәрбиеші Мадина Жорабаева «Асар» номинациясының алтын жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпаздарға 24 ақпан күні Астана қаласында лайықты марапаттар табысталатын болады. Шара барысында бірқатар азаматтар Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алғыс хаты мен статуэткасы тапсырылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ҚОЙ ҚОЗДАСА ҚҰТ КЕЛЕР...
Алдыңғы мақала
ҚОЙ ҚОЗДАСА ҚҰТ КЕЛЕР...

Ұқсас жаңалықтар