Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сабақта мұғалім мен оқушының ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ

Сабақта мұғалім мен оқушының ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ
ашық дереккөз
Сабақта мұғалім мен оқушының ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ
Сабақ кезінде педагогтер мен оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.
Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі, - деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында.
Сондай-ақ жаңа өзгеріске сәйкес мектепте тәртіп бұзған оқушылар, олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертпестен білім ордасынан шығарылмайды.
Білім алушы теріс қылықтар жасағанда, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзғанда оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдер керек болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды, - деп жазылған жаңа редакцияда.
Сонымен қатар, сабақта мұғалім мен оқушыға ұялы телефон қолдануға болмайды.
Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтер сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды, - деп жазылған бұйрықта.
Бұйрық 28 наурызға дейін ашық талқыланады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар