Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент құтқарушыларды марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойды

Президент құтқарушыларды марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойды
ашық дереккөз
Президент құтқарушыларды марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қазақстан құтқарушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Атап айтқанда, ІI дәрежелі «Айбын» орденімен: 1. Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы; 2. Топанов Құрманғали Сатыбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі. «Құрмет» орденімен: 1. Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы; 2. Сойко Руслан Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы; 3. Цой Владимир Константинович, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы. «Ерлігі үшін» медалімен: 1. Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері; 2. Арифджанов Султан Бахтиярович, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы; 3. Берлыбеков Ерік Берікұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы; 4. Горбачев Виталий Евгеньевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы; 5. Денисов Дмитрий Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы; 6. Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер; 7. Оразалин Қахарман Нұртасұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы; 8. Сарсембаев Абдолла Валериевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен: 1. Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен: 1. Гудеев Николай Николаевич, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы; 2. Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен: 1. Қаппасов Наурыз Мерекеұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы. Сонымен қатар 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар