Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түзеу мекемесінде «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті

Түзеу мекемесінде «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті
ашық дереккөз
Түзеу мекемесінде «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында «Қысқы спартакиада - 2023» спорттық шарасы өтті. Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаевтың тікелей бастамасымен ұйымдастырылған жарыс барысында жазасын өтеушілер қол күресі, арқан тарту, дойбы, кермеге тартылу мен шағын футбол сынды спорттың бірнеше түрінен өзара сынға түсті. - Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Бүгінгі шара аясында жазасын өтеуші азаматтар өздерін сергек сезініп, көтеріңкі күймен аяқтады, - деді Нұржан Қайратұлы. Айта кетейік, шара соңында жарысқа белсенді қатысқан сотталған азаматтарға мекеме басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар