Заң
«Масс-медиа туралы» заң журналистер статусын айқындайды – Дархан Қыдырәлі
- author AR-AY
- 17 ақпан, 2023
- 232
«Масс-медиа туралы» заң журналистер статусын айқындайды – Дархан Қыдырәлі
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтындағы MediaLab журналистика орталығының ашылуында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қолданыстағы заң интернет бүгінгідей кең таралмаған кезде қабылданғаны белгілі. Оның көп нормаларын заман талабына сай жаңарту қажет. Бұл заң журналистердің статусын айқындап, жалпы индустрияның дамуына серпін береді деп ойлаймыз. Жалпы ұсынылып отырған түзетулер журналистердің ерекше жағдайларда кәсіби қызметтерін жүзеге асыруын, біліктілігін арттыруды көздейді. Жаңа заң аясында салалық журналистиканы дамытуға мүмкіндік аламыз, - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024