Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік сатып алуда сақтық керек

Мемлекеттік сатып алуда сақтық керек
ашық дереккөз
Мемлекеттік сатып алуда сақтық керек
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Марат Егембердиев баспасөз мәслихатын өткізді. Өткен жылы атқарылған жұмыстар ретін баяндаған Марат Темірбекұлы аталған мекеме республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамалардың сақталуына сәйкестік аудитін, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізетінін тілге тиек етті. Былтыр департамент 119 нысанға аудиторлық тексеру жүргізсе, оның ішінде тізім бойынша – 28, жоспардан тысы 91 мекеме екен. – Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары, яғни 106 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Жалпы сомасы 1 061,6 миллион теңгені құрайтын 9 материал құқық қорғау органдарына берілді. Оның ішінде 4 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген тергеу іс-шаралары бойынша аудиттің 2 материалы сотқа жолданды. Ал 2 материал бойынша іс әзірге тоқтатылды. Заң талаптарына сәйкес іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық болмағандықтан 1 материал тәртіптік жаза шараларын қолдану үшін жоғары тұрған органдарға берілді. 4 материал бойынша тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 23 145 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, оның ішінде 23 911-і қамтылды. Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін департамент тарапынан ұйымдастырушыға, тапсырыс берушіге барлығы 3 903 хабарлама жіберілді. Оның ішінде 3 893 хабарлама орындалды, бұл жіберілген хабарламалардың жалпы санының 99,7 пайызын құрайды. Хабарламаларды уақытылы және тиісінше орындамағаны үшін Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 57 хат жіберіліп, 67 хаттама жасалды және сот органдарына жолданды, – деді М.Егембердиев. Бұдан басқа департаментке мемлекеттік сатып алу бойынша есепті кезеңде заңды және жеке тұлғалардан 1 580 шағым түсіпті. Оның ішінде 321 өтініш қанағаттандырылса, 598 өтініш ішінара қанағаттандырылған, ал 661 өтініш қанағаттандыруға жатпаған. Шағымдарды қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен бірқатар құқықбұзушылықтар анықталыпты. Соның нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жеңімпазын заңсыз анықтау, олар бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы тиісті орынға 663 хабарлама жіберілген. Өткен жылы осы департамент тарапынан 1 324 материал тіркелсе, оның ішінде 1 151 материал қаралған және тиісті азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 173 материал сотқа қарауға берілген. Ал салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы 125,4 миллион теңгені құрапты. Оның 106,1 миллион теңгесі өндірілген.

Нұржан ӘЛІШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар