Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дәретхана қағазының қымбаттауы: Сауда министрі тапсырма беретін болды

Дәретхана қағазының қымбаттауы: Сауда министрі тапсырма беретін болды
ашық дереккөз
Дәретхана қағазының қымбаттауы: Сауда министрі тапсырма беретін болды
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда дәретханақағазы бағасының өсуіне байланысты арнайы тапсырма беретін болды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Қағаз қымбаттағанын бірінші рет естіп тұрмын. Қазір тапсырма беремін. Кейін сіздің сұрағыңызға нақты жауап береміз, - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Сауда министрі Қазақстанда тек 19 тауардың бағасы бақылауда екенін атап өтті. «Қандай тауарлар қымбаттауы мүмкін? Оған да нақты жауап бере алмаймын. Себебі, мыңдаған тауар бар. Әрбір адам әртүрлі тауарға қызығады. Біріншіден, бәрін бақылауға алуға мүмкіндік жоқ. Екіншіден, (оны бақылаудың – автор) қажеті жоқ. Қазір бізде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар бар. Оларды біз бақылауға алдық...», - деді вице-премьер. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар дәретхана қағазын пайдалануды азайтқаны хабарланған еді. Energyprom.kz порталының мәліметінше, Қазақстан тұрғындары дәретхана қағазын пайдалануды азайтқан. 2022 жылы Қазақстанда 26,8 мың тонна дәретхана қағазы өндірілді. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда, 23,7% аз.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар