Саурықов: Биыл аймақта 400-ге жуық жол жөнделеді
Биыл жергілікті маңызы бар автожолдар мен елдімекен көшелерін жөндеуге 22,2 млрд.теңге бөлінді.
Бөлінген қаржылар есебінен 5,6 шақырым қайта жаңғырту және 697 шақырым жолды орта жөндеуден өткізу жоспарланған.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Саурықов:
– Үстіміздегі жылы 132 шақырым облыстық маңызы бар автожолдар, 96 шақырым аудандық маңызы бар, 474,6 шақырым елді мекен көшелері жаңарды. Барлығы 391 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделуде.
Оның ішінде: «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 26 жоба немесе 228 шақырым, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 215 жоба немесе 261 шақырым, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 2 жоба немесе 5,6 шақырым және жергілікті бюджеттерден 148 жоба немесе 208 шақырым жол жөндеуден өтеді, - дейді Мұрат Құттыбайұлы.
Басқарма басшысының айтуынша бөлінген қаржылар ішінде жалпы 1,9 млрд.теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау жұмыстарына жұмсалады. Бүгінде, барлық жоспарланған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.