Жұмыссыз азаматтарға SMS-хабарлама жолданды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 12 мыңнан астам жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жолдады.
Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберілді.
Жалпы, еліміздің әрбір азаматы «Enbek.kz» порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады, – деді Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.1 қаңтардан бастап елімізде Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдауға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Келесі мақала