Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТАБИҒИ ӨСІМ 19,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

ТАБИҒИ ӨСІМ 19,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
ашық дереккөз
ТАБИҒИ ӨСІМ 19,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте баяндама жасаған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаментінің басшысы Cырым Мәдиевтің айтуынша, өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1 664 270,2 миллион теңгені құрапты. Ал өнеркәсіп кәсіпорындарымен 8 597 66 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі, алдын ала деректер бойынша, есепті кезеңде ағымдағы бағалармен 590218,6 миллион теңгеге жеткен. – Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 227655,7 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт базасында субстансалар өндіру цехының құрылысына және Шатыркөл-Жайсан кластерінде байыту фабрикасының құрылысы есебінен орын алды. Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 78474,8 миллион теңге немесе негізгі қорға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 18,6 пайызы бағытталды. Тұрғын үйлерді салуға жұмсалған қаржының негізгі көзі құрылыс салушылардың өз қаржылары болып табылады. Үлес салмағы – 64,3 пайыз. Пайдалануға жалпы алаңы 693,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер берілді, – деген баяндамашы демографиялық ахуалға да қысқаша тоқталып өтті. 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға облыс халқы 1 миллион 218 мың адамды құраған. 2022 жылдың басынан бастап облыс тұрғындарының саны 8,3 мың адамға немесе 0,7 пайызға өсіпті. – Облыстағы халық санының өсуі негізінен туу есебінен табиғи өсімнің артуымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда дүниеге келген бала саны бойынша, облыс республикада Түркістан, Алматы облысы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан кейінгі 6-орында тұр. Өңірде әр күн сайын 73 бала немесе әр сағатта 3 сәби дүниеге келеді. 2022 жылғы 12 айда халықтың табиғи өсімі 19,3 мың адамды құрады, – деді С.Мәдиев. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2022 жылғы желтоқсанда облыс бойынша 43 254 теңгені, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,1 пайызға өсіпті.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар