Әлеумет
Түркияда тұратын қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады
- author AR-AY
- 8 ақпан, 2023
- 163
Түркияда тұратын қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады
Түркияда тұратын қазақстандықтар жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 25 млн теңгеден астам қаражат жинады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Біз кеше ақша жинауды бастадық. Түнге дейін 25 млн теңге жиналды. Бірден супермаркетке барып, осы қаражатқа азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алдық. Бәрін жүк көлігіне тиеп, Кахраманмараш қаласына жібердік. Қаражат жинау дереу жабылды. Алайда, бей-жай қарамайтын азаматтар қаражат жіберуін тоқтатпады. Осылайша, тағы 9 млн теңге жиналды. Оған балалар тамағын сатып алуды жоспарлап отырмыз, - деді «Шаңырақ» мейрамханасының иесі Данияр Иманбеков. Бұл көмекті ұйымдастыруды белгілі айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева ұсынған. Оларға Стамбулдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері де көмектескен. Түркияда тұратын қазақстандықтардың жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қорын ашқаны туралы жазған болатынбыз. Сонымен бірге, қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, қызметтік иттер бар.
Келесі мақала