Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда жаңа ЖЭС салынбақ

Жамбылда жаңа ЖЭС салынбақ
ашық дереккөз
Жамбылда жаңа ЖЭС салынбақ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа өндіріс орындарын ашу және қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту жобалары талқыланды. «KIDF management company» компаниясының өкілдері Жамбыл облысының аумағында қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасын салу жобасын таныстырды. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында қол қойылған Қазақстан Энергетика министрлігі, KIDF қоры және «Masdar» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес іске асырылмық. Нысанның құрылысы кезінде 1,3 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ірі жел электр стансасының іске қосылуы көмірқышқыл газының шығарындыларын жыл сайын 1,1 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ «Әулие-Ата Феникс» ЖШС кәсіпорнының қуаттылығын жылына 8 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін арттыру көзделуде. Құс шаруашылығын дамыту жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысында 40 жаңа жұмыс орны ашылады. Басқосу барысында қызылша қабылдау пункттерін салу және қымыз өндіру бойынша жобалар ұсынылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сай инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетіледі. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар