Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА СЕРПІН КЕРЕК

СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА СЕРПІН КЕРЕК
ашық дереккөз
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА СЕРПІН КЕРЕК
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте басқарманың былтырғы атқарған жұмыстары туралы есебі берілді. Спикер басқармада өткен жылы 2 527 хат және 302 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралғанын жеткізді. Нәтижесінде 35 өтініш толықтай қанағаттандырылып, 88 өтініштен бас тартылған. 89 өтініште көрсетілген мәселелер басқарманың құзырына кірмегендіктен тиісті органдарға жолданыпты. 52 өтінішке түсіндірме беріліп, 38 өтінішті қарау тоқтатылған. Мемлекеттен бөлінген 69 335 мың теңге қаражат толықтай игерілді. – Былтыр облыс аумағында бюджет есебінен 368 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Оның 335-і құрылыс, 33-і күрделі жөндеу жұмыстары. Сонымен қатар инвесторлардың жеке қаржысына салынып жатқан 235 коммерциялық нысанның құрылысына бақылау ұйымдастырылды. Жалпы бюджет есебінен 398 нысанның құрылысы жүргізілді, – деді спикер. Басқарма басшысы облысымызда заңсыз құрылыстардың да анықталғанын жеткізді. – Өткен жылы заңсыз құрылыстар бойынша 4 іс қозғалды. Бүгінгі күні қозғалған 4 істің үшеуі сотта қаралып, сот шешімі бойынша айыппұлдар салынды, біреуі қаралуда. Облыстың 99 құрылыс объектісінде тексеру жүргізіліп, 248 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде 53 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Сонымен қатар 10 ауданды аралап, құрылыстың қатысушылары, яғни тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушылармен жиналыстар өткізіп қайттық. Онда әр ауданның осы сала бойынша өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, жіберілген кемшіліктеріне нақты тоқталып, алдағы уақытта оған жол бермеу тапсырылды, – деді Қ.Бисембаев. Қайрат Бисембаев басқарма жұмысына серпін беру үшін арнайы алгоритмдер қолданылатынын жеткізді.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар