Қазақ тілі – мәңгілік елдің жасампазы
1997 жылдың 11 шілдесінде елімізде тiл туралы заң қабылданды. Заңға сәйкес, мемлекеттiк тiл - қазақ тiлі болып саналады. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады. Атап айтқанда, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және т.б.
Қазақ тілі - біздің ана тіліміз. Бұл тек қазақ халқының ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі деп айтуға болады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деп айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қойылмайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру баршамыздың міндетіміз.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілге қойылатын талаптар өте жоғары. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және осы бағыттағы жұмысты жолға қою үшін судьялар мен сот мамандарынан тұратын арнайы тұрақты комиссия құрылған. Өткен жылдың 12 айында барлығы 3310 кіріс құжаттар сотқа келіп түссе, оның ішінде мемлекеттік тілде 2105-ті құрап, 64 пайызды құрап отыр. Ал соттың шығыс құжаттары 4837-ні құрап, оның ішінде мемлекеттік тілде 4751-ді, яғни 98,2 пайызды құрады. Бұдан бөлек, ішкі құжаттардың саны 213-ті құрап, оның ішінде мемлекеттік тілде 213-ті, яғни 100 пайызды құраған. Былтырғы жылдың 12 айында жалпы құжаттардың саны 8360-ты құраса, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар саны - 7069. Яғни, 84,5 пайыздық көрсеткішке ие болып отыр.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдануды насихаттау, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін бұқаралық ақпарат құралдарына «Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болғай!», «Тіл татулық тірегі» атты тақырыптарында мақалалар жарияланып және «Мемлекеттік тілге жанашыр болу әр азаматтың міндеті», «Мемлекеттік тіл-бірлік пен татулық кепілі», «Тіл- мемлекет тірегі» атты тақырыптарында семинарлық сабақтар өткізілді. Айта кетейік, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдерде жүргізіледі. Осы талаптарды орындамаған жағдайда сотпен лауазымды тұлғаларға жекеше қаулы шығарылып отырады.
Жасұлан ШЫРШЫҚБАЕВ,
Жамбыл облысы кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы