Әлеумет
250 млн теңге. Министрлік киіктер мәселесін шешудің баламалы жолын айтты
- author AR-AY
- 30 қаңтар, 2023
- 167
250 млн теңге. Министрлік киіктер мәселесін шешудің баламалы жолын айтты
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Асқар Абдрахманов мәлімдеді, деп жазады Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ғылыми-техникалық бағыттағы қаржыландыруға былтыр өтініш бердік. Ол өтініш мақұлданды. Биыл наурызда нақты қаражат нақтыланады. Арнайы зерттеу бағдарламасына жылына 250 млн кетеді. Бағдарлама үшін жылға арналған сол себепті үші жылға 750 млн теңге сұрап отырмыз. Яғни, бұл қаражат киіктердің үш популяциясын зерттеуге жұмсалады, – деді сарапшы.Оның атап өтуінше, киіктердің 3 популяциясына осы өңірлерде жұмыс жүргізіледі - Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Ақмола және Қостанай облыстары. Бұған дейін көктемде елімізде 1815 киіктің құралайы арнайы зерттеуге алынатынын жазған едік.
Келесі мақала