Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАЙЗАҚТА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

БАЙЗАҚТА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
БАЙЗАҚТА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
Байзақ ауданы облысымыздағы тікелей ауылшаруашылығымен айналысатын іргелі аймақтардың бірі. Сондықтан да аудандағы №3 Байзақ колледжі ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын жастар үшін ең ыңғайлы оқу орындарының бірі. Бүгінде 369 білімгерлері бар аталған колледждің шаңырақ көтергеніне 15 жылдан астам уақыт болғанымен колледж студенттерінің алыс-жақыннан қатынап оқуы өз қиындығын туғызып келген еді. Еліміз бойынша оқу орындары студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің біріне айналып отырғанын да баса айтқан жөн. Міне, осындай тығырықтан шығу үшін өткен жылы колледж басшылығы ауданнан 150 орындық жатақхана салуға ұсыныс берген-ді. Қаржы орталығы жобасы арқылы колледж жанынан құны 280 миллион теңге тұратын екі қабатты 150 орындық Студенттер үйін белгілі кәсіпкер Сания Алтаева сапалы салып, пайдалануға берді. Студенттер үйінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, колледж ұжымы, ауыл тұрғындары қатысты. Онда алдымен облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев сөз алып, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп келе жатқан қамқорлыққа тоқталды. Соның бір дәлелі жаңадан ашылғалы отырған Студенттер үйі екенін айта келіп, оны пайдалануға бергелі отырған жеке кәсіпкер Сания Мақсұтқызына алғысын жеткізді. Ал колледж студенттеріне сабақты жақсы оқып, ертеңгі күні жақсы маман болып шығуларына тілек білдірді. Колледж ата-аналар комитетінің төрайымы Айнұр Сыбанбаева аталған Студенттер үйінің ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін дұрыс болғанын атап өтті. Кейінгі буынға осындай қамқорлық жасап отырған аудан, облыс басшыларына ата-аналар атынан ризашылығын жеткізді. Ал кәсіпкер С.Алтаева құрылыс жұмыстарын жүргізуде өзін қолдаған аудан басшылығына, басқа да азаматтарға алғысын білдірді. Студенттер үйінің ашылу лентасын облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы мен еңбек ардагері Мақсұт Алтаев қиды. Шараға қатысқандар ғимаратқа кіріп, колледж студенттері дайындаған қолөнер бұйымдарымен танысып, оқушылар оркестрінің өнерін тамашалады. Студенттер жатып демалатын, сабаққа дайындалатын бөлмелерді, асханасын, үйірмелер өтетін кабинеттерді аралап көрді. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі талапқа сай соғылып, пайдалануға беріліп отырған Студенттер үйі – жастарға жасалып отырған үлкен қамқорлықтардың бірі.

Сүндетулла ӘБІЛОВ, Байзақ ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар