Алматылық азамат еркіндікке жолдама алды
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен 30 жастағы алматылық босап шықты. Ол жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркіндікке жолдама алып отыр. Өткен жылдың ақпан айында сот үкімімен Қылмыстық Кодекстің 345 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылған ер адам 1 жыл 6 мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Өз қателігінен сабақ алған жазасын өтеуші алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналасып, қоғамға пайдалы болуға ниетті.
Сотталған азаматты мекеме қақпасынан шығарып салған ҚАЖ қызметкерлері оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, келешектегі өміріне сәттілік тіледі.
Келесі мақала