Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТҮНДЕ ДҮКЕН ТОНАҒАН

ТҮНДЕ ДҮКЕН ТОНАҒАН
ашық дереккөз
ТҮНДЕ ДҮКЕН ТОНАҒАН
2023 жылдың 6 қаңтарында Қордай аудандық полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Шағымданушы белгісіз тұлғаның дүкеннің терезесін сындырып кіріп, кассадан 70 000 теңге көлемінде ақша, сондай-ақ 10 электронды темекі блогы мен темекіні жылытуға арналған 5 құрылғыны ұрлап кеткені туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 180 000 теңгені құрайды. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  width= Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотты болған Қордай ауылының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар