Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АҚБӨКЕН АУЛАУШЫЛАР АЗАЯР ЕМЕС

АҚБӨКЕН АУЛАУШЫЛАР АЗАЯР ЕМЕС
ашық дереккөз
АҚБӨКЕН АУЛАУШЫЛАР АЗАЯР ЕМЕС
Мойынқұм ауданының табиғат қорғау полициясының инспекторлары «Охотзоопром» өңірлік басқармасының өкілдерімен бірлесіп «Аңдасай» ерекше қорғалатын мемлекеттік табиғи аумағында «Ақбөкен» республикалық акциясын өткізді. Акция барысында Мойынқұм ауданының 23 және 24 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде ұсталғандардан ақбөкеннің кесілген еттері, 2 аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер және пышақ табылып, тәркіленді. Анықталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігімен (заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.  width=
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар