Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚОС ЕЛДІҢ САҚШЫЛАРЫ ҚЫЛМЫСПЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСЕДІ

ҚОС ЕЛДІҢ САҚШЫЛАРЫ ҚЫЛМЫСПЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСЕДІ
ашық дереккөз
ҚОС ЕЛДІҢ САҚШЫЛАРЫ ҚЫЛМЫСПЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСЕДІ
Жамбыл өңіріне Қырғыз Республикасы Чу облысы Ішкі істер басқармасының бастығы Сапарбек Асаналиев және Талас облысының ІІБ бастығы Марлис Асанов бастаған делегация келді. Делегацияның сапары аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзинмен кездесу өтті. Қазақстандық және Қырғыз тәртіп сақшылары өңірлер аумағында ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша кеңейтілген өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың тиімді тұстарын талқылады. Арманбек Баймурзин ұрлыққа, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі саудасына, экстремизм мен терроризмге, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыстар айтарлықтай нәтиже беретінін атап өтті. Қырғыз елінен келген құқық қорғаушылардың берген мәліметіне сүйенсек, биыл ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін біздің облыстың аумағында іздеуде жүрген 11 қылмыскердің мекенжайы анықталыпты. Өз кезегінде Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдары ағымдағы жылы іздестіріліп жатқан 1 адамды анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Чу облысы Сокулук ауданының тұрғынынан 27 ұрланған телефон табылып, тәркіленген. Оны ол тараздық өткізушілерден сатып алып, Бішкек қаласында қайта сатуды жоспарлапты. Жалпы айтқанда, бiрлесе жүргізген жұмыстар арқылы анықталған осындай оң мысалдар жетерлік. Жамбыл облысы полиция департаментінің бастамасы бойынша көрші елге малды алып кету және әкелу деректерi тiркелетiн арнайы база құрылды. Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік бермек. Сондай-ақ кездесуде Жамбыл облысында төленбеген айыппұл д ары бар Қырғыз Республикасында тіркелген көлік құралдарын анықтау бойынша да сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар екі елдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайтуда жергілік ті жағдайды жетiк меңгерген шекара маңындағы аудандық полиция бөлімдері бастықтары мен учаск елік полиция қызметкерлерi үлкен рөл атқарады. Жұмыс кеңесі барысында өзара жедел ақпарат алмасу тетік тері де пысықталды. Тараптар мұндай кездесулердің қылмысқа қарсы күресте өзекті мәселелерді шешуде бiрлесе келiскен ұстанымдарды әзірлеуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

«AR-AI» - ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар