- Науқас қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік шағымдарымен түсті. Жүре алмай қалған. Қосымша тексеруден өтіп, басын МРТ-ға түсіргенде эхинококкоз диагнозы анықталды. Бас сүйегіне ота жасалды, - деп хабарлады Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургтері.Краниотомия және ісіктерді алып тастау отасы екі сағатқа созылды. Алып паразитті алу отасын жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері Алтай Құлтуманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жасады.
Семейлік дәрігерлер қыздың миынан алып құрт алды
Еліміздің дәрігерлері қыздың басынан алып эхинококк алды.
Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.