Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бас прокуратура өкілі Франциядан Әблязовті қайтаруға қатысты пікір білдірді

Бас прокуратура өкілі Франциядан Әблязовті қайтаруға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз
Бас прокуратура өкілі Франциядан Әблязовті қайтаруға қатысты пікір білдірді
ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Франциядан Мұхтар Әблязовті елге қайтару үшін қандай құжатты бекіту керек екенін айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылдады. Осы орайда тілшілер Бас прокурордың орынбасарынан аталған құжат арқылы Мұхтар Әблязовті Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі туралы сұрады. Өз кезегінде Ә. Шындалиев бұл құжатта істі болған адамдарды беру немесе экстрадициялау ескерілмегенін айтты. «Шарт тек құқықтық көмек көрсетуді қарастырып отыр. Бұл тұрғыда тергеу амалдарын жүргізу, тінту сияқты іс-шаралар ескерілген. Сондықтан қылмыстық жауапқа тарту үшін адамдарды экстрадициялау аталған құжатта қамтылмаған. Атап айтқанда, осы шарт Әблязовке қатысты емес. Мұндай құжаттарды осыған дейін 29 мемлекетпен бекіткен едік. Бұл шарт нақты бір адамға арналмаған», - деді Бас прокурордың орынбасары. Осы орайда ол істі болған адамдарды алдыртуға қатысты жеке шарттар бар екенін еске салды. Бұл құжат аясында елге қайтару талаптары болады «Мұндай шартты Франциямен арада бекітпедік. Егер аталған шартсыз біз экстрадиция туралы сұрау жолдасақ, өз кезегінде Франция бұл сұрауға қандай жауап беретінін өзі қарастырады», - деді ол. Бұған дейін Бас прокуратура Мұхтар Әблязовті елге қайтаруға бар күшін салатынын айтқан еді. 9 желтоқсанда Франция Мұхтар Әблязовке саяси бассауға болудан бас тартты. Америка алқабилер соты ақша ұрлау фактісі бойынша Мұхтар Әблязовқа $218 млн айыппұл салды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар