Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда тестілеуден кейін «Сергек» жүйесі іске қосылды

Таразда тестілеуден кейін «Сергек» жүйесі іске қосылды
ашық дереккөз
Таразда тестілеуден кейін «Сергек» жүйесі іске қосылды
Жамбыл облысының Полиция департаменті тестiк режимнiң аяқталуына байланысты 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап облыс орталығында «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі іске қосылғанын хабарлайды. 48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 – желілік учаскеде және 13 – қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау (тоқтау сызығын басу, қиылыстың алдында дұрыс орын ауыстырмау, тыйым салынған жерде тоқтау жән тұрақтау) секілді жол ережелерінің бұзылуларын тіркейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу автоматтық режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі. Барлық ереже бұзу жағдайлары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі. Хаттамаларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Каспий банкінің мобильдік қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде жүктеуге болады. Аппараттық-бағдарламалық кешендерде тіркелген құқық бұзушылықтармен келіспеген жағдайда Жамбыл облысының Полиция департаментіне хабарласуға немесе нұсқамада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар