Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Енді eGov QR арқылы электронды құжаттарға қол қоюға болады

Енді eGov QR арқылы электронды құжаттарға қол қоюға болады
ашық дереккөз
Енді eGov QR арқылы электронды құжаттарға қол қоюға болады
Қазақстандықтар Elicense.kz порталы мен Отбасы банкінің қызметтерін пайдаланғанда eGov QR арқылы электронды құжаттарға қол қоя алады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. eGov QR құжаттарға қол қою процесін жеңілдетеді. QR арқылы қол қойғанда компьютерде NCALayer қосымшасын орнатудың қажеті болмайды. Е-лицензиялау пайдаланушылары үшін NCALayer көмегімен қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) әдісі де қолжетімді болып қала береді. «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, мемлекеттік органдардың, Отбасы банктің белсенді қатысуымен eGov Mobile қосымшасының пайдаланушыларына QR арқылы қол қою функциясының мүмкіндігін кеңейткен.
Elicense.kz порталында жеке тұлғаларға QR кодты пайдалану арқылы қызметтерге қол қоюға және порталда авторизациядан өтуге әрі Отбасы банктің қызметтерін алуға мүмкіндік туды. Балама әдіс кіру мен қол қоюға ыңғайлы. Себебі ол ЭЦҚ-ны енгізуді талап етпейді және қазақстандықтардың уақытын үнемдейді,-  деді басқарма төрағасы.
Отбасы банктің клиенттері eGov Mobile қосымшасында eGov QR көмегімен төмендегі қызметтерге қол қоя алады:
  • Otbasybank.kz порталында жалға алуды субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім беруде деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • Enpf-otbasy.kz платформасында сыртқы аударым операциялары кезінде құжаттарға қол қою.
Банктің басқарма төрағасының орынбасары Эльмира Распекова eGov QR жаңа әдіс тұрғындарға ыңғайлы болатынын атап өтті. «Банк 2,5 млн қазақстандыққа қызмет көрсетеді. Оларға сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Онлайн құралдарға басымдық беріп отырмыз. Енді қашықтан несиелік өтінім беруге, қарыз алуға, кепіл шартын тіркей алуға, жалға беруді субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтініш беруге әрі жалдау шартына қол қою үшін eGov QR-ды пайдалануға болады. Қазір «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, QR-кодтың көмегімен құжаттарға қол қою бойынша жұмыс істей бастадық. Болашақта клиенттеріміз жаңа әдісті көмегімен 40-тан аса құжатқа қол қоя алады», - деді ол.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар