Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мұң-зарын ақ қағаз бетіне түсірді

Мұң-зарын ақ қағаз бетіне түсірді
ашық дереккөз
Мұң-зарын ақ қағаз бетіне түсірді
Темір торға тоғытылған әрбір жан күйзеліске ұшырайтыны белгілі. Мұндайда оларға түзеу мекемесіндегі арнайы психологтар мен тәрбие бөлімінің қызметкерлері қол ұшын созады. Нәтижесінде, сотты болғандар түзелу жолына түсіп, қоғаммен байланыс орнатады. Жазасын өтеушілердің арасында шығармашылыққа бейім жандар да кездеседі. Олар өздерінің ішкі мұң-зарын ақ қағаз бетіне мөлдіретіп түсіруді жаны сүйеді. Өз кезегінде ҚАЖ қызметкерлері де тиісті қолдау көрсетіп, қамқорлық танытады.  width= Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін азаматша қуанышы мен қайғысын дүниеден озған әкесіне арнаған жыр шумақтарына сыйғызуға тырысқан. Ол өз туындысында әкесінің қиналған сәтінде жақын-жуықтарын іздегенін сөз етеді. Осылайша, туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын өзгелердің есіне салады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар