Әлеумет
«Жалақының 60-70 пайызын азық-түлікке жұмсайды». Министр елімізде кедейлер санының өскенін айтты
- author AR-AY
- 13 қаңтар, 2023
- 166
«Жалақының 60-70 пайызын азық-түлікке жұмсайды». Министр елімізде кедейлер санының өскенін айтты
Елімізде кедей азаматтардың саны өсті. Былтыр кедейлердің саны 4,9 млн адам болса, биыл саны 5,1 млн-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Біз кедейшілік шегі деп - күнкөріс деңгейін айтамыз. Ал атаулы әлеуметтік көмекті сол күнкөріс деңгейінен 70 пайызынан төмен азаматтарға беріп жатырмыз. Оның ортасындағы 30 пайыз 5,1 адам тұрмысы төмен азаматтар бар, - деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Оның айтуынаш, инфляцияның жоғары болуы азаматтардың табысын алып қойып жатыр.
Қазір көбі қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсап жатыр. Егерде, мәселен 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70 пайызы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді, - деді Тамара Дүйсенова.
Келесі мақала