Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Заңға сәйкес, өзгенің иелігіндегі жеке тұрғын үйге рұқсатсыз бас сұққандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал бүтіндей бір мемлекеттің шекарасын заңсыз кесіп өтудің жауапкершілігі одан да ауыр. Өйткені, кез келген елдің ұлттық қауіпсіздігі аса маңызды екендігі айтпаса да түсінікті.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде ел шекарасын заңсыз кесіп өткен өзге жұрттың азаматтары да жазасын өтейді. Ал олардың қайта қылмыс жасамауының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Мәселен, жуырда ғана мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Пәкістан мемлекеттерінің азаматтарына тәртіпке бағыну, қылмысқа бармау жөнінде жұмыстарды қолға алды. ҚАЖ қызметкерлері заң бойынша ел шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктерге де жаза берілетінін атап өтті.
Келесі мақала