Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұрлан имам жайлы бірер сөз

Нұрлан имам жайлы бірер сөз
ашық дереккөз
Нұрлан имам жайлы бірер сөз
Әлеуметтік желілерде танымал болып жатқан Нұрлан имам жайлы түрлі пікір айтылады. Кейде дін шектеу қойған жерлерде рұқсат деп айтып жіберген шығар. Оны әріптестері түзетіп қояр. Жауаптарынан үзінді көрдім. Нұрлан имамның бір еңбегі – ислам, ең алдымен, махаббат, жанашырлық, өзара қолдау діні екенін қоғамның қайта есіне салды. Әр сөзінде онлайн сұрақ қойған танымайтын кісілерге «жаным, күнім» деп «дінді жақындатты». Жылы сөз жан емдейтінін көрсетті. Ұлттық ұғымды ескере сөйлейді. Әйтпесе соңғы жылдары тыйымдар мен рұқсаттар жиынтығы көбейіп, дін ақпараттық алаңда қалыңмал, жаңа жыл, сақалды бақылап, қадағалайтын регуляторға айналып кеткендей көрінетін маған. Бұл кісінің кемі оншақты жерде сұхбат бергенін байқадым. Яғни әлеуметтік желі, «TikTok» қоғам пікірін қалыптастырушы платформа деген ұғым орнықты. Сайт не телеарна емес. Бұдан бөлек біздің қоғам бұл жолы да жеңілдетілген нәрсеге жақын екенін көрсетті. Ауыр діни сұраққа жеңіл, қарапайым жауап болса дейді. Пирамида сияқты жеңілдеу ақша табу жолы болса дейді. Қиын мәселені шешу үшін нақты әрекеттен гөрі, әлеуметтік желіде ашуға толы комменттерді жазуды дұрыс көреді. Яғни қоғам әлі өзгермеді. Меніңше. Нұрмұхаммед Байғараев
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар