Балаларға қуаныш сыйлады
Бүлдіршіндер қандай да болсын мерекені ерекше күтетіні белгілі. Әсіресе, Жаңа жылға асыға күтетіндердің қатары көп. Әйтсе де, әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың балаларында мұндай мүмкіндік жоқтың қасы. Ал бұл олқылықтың орнын қайырымды жандар толықтыруда.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері игі іс-шаралардан шет қалған емес. Құқық қорғау саласының қызметкерлері қашанда қиналғанға қол ұшын созып, жабыққанның жанынан табылады. Бұл - азаматтық парызымыз дейді олар.
Жуырда аталған мекеменің қызметкерлері Шөлдала ауылында тұратын көпбалалы аз қамтылған отбасыға арнайы барып, сый-сияпаттарын тапсырды. Жылы жүздесуде бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, өздері әкелген тәттілерін табыс етті. Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев балалармен тілдесіп, оқуда озат болуларына тілектестігін білдірді.
Келесі мақала