Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Дикий» Арман ісінің артында Ресей тұрғаны рас па – Бас прокурордың жауабы

«Дикий» Арман ісінің артында Ресей тұрғаны рас па – Бас прокурордың жауабы
ашық дереккөз
«Дикий» Арман ісінің артында Ресей тұрғаны рас па – Бас прокурордың жауабы
Бас прокурор Берік Асылов «Дикий» Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұған дейін Арман Жұмагелдиев белгілі журналист Михаил Козачковқа өзіне қатысты істің артында Ресей тұрғанын мәлімдеген. «Бас прокуратура ісімнің артында Қазақстан ғана емес, Ресей де тұрғанын айтты. Мұның себебі әлі белгісіз. Әңгімеміздің соңы – тағылған айыппен келісетін болсам, іс сотқа дейін жетеді. Келіспеген жағдайда жаңа айып тағылуы мүмкін екен. Олар мені 20 жылға бас бостандығымнан айырумен қорқытты», - дейді ол. Бас прокурор Берік Асылов бұл ақпаратты жоққа шығарып: «Бұл – өтірік. Бізде мұндай ақпарат жоқ», деді. Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:
  • Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі (Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);
  • Қылмыстық кодекстің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру);
  • Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру»).
Бұған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлімдеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар