Жаңалықтар
Бас прокурор қаңтарда адамдардың басы кесілген деген ақпаратты жоққа шығарды
- author AR-AY
- 5 қаңтар, 2023
- 194
Бас прокурор қаңтарда адамдардың басы кесілген деген ақпаратты жоққа шығарды
Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде адамдардың басын кесу дерегі болды ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қаңтардағы оқиға 4-5 қаңтар аралығында басталды. Осы кездерде әртүрлі ақпарат, соның ішінде жалған ақпарат көп тарады. Сегіз қалада көптеген нысандар, әкімдіктер өртенді. Бас кесілді деген ақпаратты да тексердік. Бірақ тергеу барысында бұл дерек анықталмады", - деді Берік Асылов.