Жаңалықтар
Бас прокурор: Кәрім Мәсімов – қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушыларының бірі
- author AR-AY
- 5 қаңтар, 2023
- 235
Бас прокурор: Кәрім Мәсімов – қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушыларының бірі
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қаңтардағы тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушылары кім деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Бас прокурордан жаппай тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушысы кім екенін сұрады.
«Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы – К. Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп жауап берді Бас прокурор.
«Кәрім Мәсімов – бас ұйымдастырушы ма?»,- деп сұрады тілшілер.
«Солай деуге болады», - деп жауап берді Берік Асылов.
Бұған дейін Бас прокурор Кәрім Мәсімов ісі «аса құпия» режимінде тергелгенін айтқан еді. К. Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау; билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер; лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді.
Келесі мақала