Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ
ашық дереккөз
ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ
Нұрлан ЖИЕНБАЙ, «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстық штабының төрағасы: Білім күнімен қатар келген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жастарға да жаңа серпін алып келді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деп жастар қауымына мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық толастамайтындығын аңғартты. Сонымен қатар Президент: «Біздің білім беру жүйеміз инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз», – деп ізденісте жүретін, сауатты әрі дарынды оқушылардың мәртебесін көтеріп, оларға қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жолдауда жастардың нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылуы қажет екені, өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны, өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керектігі айтылды. Бұл Мемлекет басшысының ел болашағы – жастарға үлкен үміт артатынын білдіреді. Әрине, ел халқының әлеуетін көтеруге арналған Жолдауда тың жоба, жастарға деген қолдау, жаңашылдық және үлкен мотивация бар. Билік пен халық арасындағы тың өзгерістерге бағдар болған құнды құжаттан күтеріміз көп және орындалуына барша жастар болып атсалысамыз деген ойдамын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар