Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?
ашық дереккөз
ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?
Республикалық «Жас Алаш» газетінің 2014 жылдың 18 қыркүйегіндегі санында «Шу ауданының әкімі Б.Нұркеновтің назарына» айдарымен «Әлі де кеш емес» атты мақалам жарық көрген еді. Осы мақалада сол кездегі аудан әкімі Бақытжан Балтабекұлының атқарған еңбектеріне тоқтала келе: ...Дейтұрғанменен мына жайды қаперіңізге салғым келіп отыр. Есіңізде болар, өзіңіздің аудан жұртшылығының алдындағы есеп беру жиынында белгілі мүсінші Қали Қораласбаев ініміздің орталық саябақтағы сәбилер ойнайтын алаңқайға Қобыланды батыр, Қожанасыр, Алдар Көсе тағы да басқа ертегілер әлемдері мүсіндерін орнатсақ деген бастама көтерген болатын. Әрине, бұл игі істер Қали үшін, болмаса мен үшін ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың елін, жерін, Отанын сүйіп, ұлтжанды азамат болып қалыптасуына ауадай қажет шаралар еді ғой» деп жаздым.  Әйтсе де менің таңғалғаным, орталық саябақтағы сол сәбилер алаңқайының жанында Ататүріктің зәулім еск ерткішінің тұрғаны қаншалықты орынды? Мен бұл ретте Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған бауырлас түрік халқын да, оның даңқты көсемі Ататүрікті де кемсітіп отырған жоқпын. Дегенмен киелі Шу өңірінде осыдан 555 жылдай бұрын Қазақ мемлекетінің іргесін қалаған алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібекке ескерткіш орнату жайлы көптен бері көтеріліп келеді. Осы мақаламен қоса, аудан әкімінің атына «Шындығына келсек осы Ататүріктің ескерткіші қандай құзырлы орындардың рұқсатымен орнатылды? Бақытжан Балтабекұлы, әлі де кеш емес, кеңінен ойластырып, орны толмас ағаттықтарға бой алдырмасаңыздар екен деймін» деген сарында, ресми хат та жолдадым. Жоғарыдағы Мәдениет министрлігіндей құзырлы орындардан рұқсат алуды қажетсінбеді ме, әйтеуір аудан орталығындағы орталық саябаққа орнатуға дайындалған биіктігі 5 метрлік көлемді ескерткіш қаңылтыр темірлермен қоршалып, 2014 жылдан бастап жабулы күйінде тұрып қалды. Өзім де қарап жатпай, 2016 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында орталық алаңға алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібекке, Алтын адам және Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбековке арнайы горельеф кешенін жасатуға қол жеткіздім. Бүгінде Тәуелсіздік мерекелері осы монументтің алдында өтіп тұрады. Дейтұрғанмен өтк ен жылдары Тәуелсіздік монументі орналасқан алаңға «Мәңгілік ел» атауын бергізуге бастама көтеріп едік, аяқсыз қалды... Қандай іс болсын, заң талаптарына сай атқарылғаны дұрыс. Осы орайда 2014 жылы Шу ауданындағы түрік этномәдени қауымдастығы өкілдерінің ұйымдаса қыруар қаржыға жасатқан даңқты көсемі Мұстафа Кемел Ататүріктің ескерткішін темір қоршауынан босатып, құзырлы орындардың рұқсатымен салтанатты жағдайда ашылуын жасасақ, қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген киелі Шу өңірі жұртшылығының есінде қаларлықтай үлкен шараға айналатыны рас. Сонымен қатар Тәуелсіздік монументі орналасқан орталық алаң мен тарихи мүсіндердің бел ортасында бой көтеретін Ататүрік ескерткішіне дейінгі көрікті кешендерді «Мәңгілік ел» алаңы деп а тасақ құба-құп болар еді.

Мәкен УАҚТЕГІ, Әлем халықтары Жазушылары және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шу ауданының Құрметті азаматы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар