Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Біз оны мойындаймыз. Мусин интернет сапасының не себепті төмен екенін айтты

Біз оны мойындаймыз. Мусин интернет сапасының не себепті төмен екенін айтты
ашық дереккөз
Біз оны мойындаймыз. Мусин интернет сапасының не себепті төмен екенін айтты
Күні кеше мәжілісте өткен «Үкімет сағатында» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасының не себепті төмен екенін түсіндірді.
Интернет сапасының төмендігіне қатысты түсетін шағымдар көп. Біз оны мойындаймыз. Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта цифрлы экономиканың, ойын-сауық контентінің өсуі байқалады. Мысалы, Tik-Tok, Youtube және одан басқа қосымшалар бар. Олар толық пайдаланылады. Күнделікті өмірде таксистер де бағдаршамда тұрғанда өздерінің телефондарына қарап видеороликтер көреді. Экономиканың басқа саласында толығымен виртуалды байланысқа шығуы, яғни экономикалық іс-әрекет платформалық модельге өтуіне орай интернет трафиктің пайдалануы да едәуір өсіп келеді, - деп айтты Мусин.
Министрдің айтуынша, пандемия кезінен бері бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жеткен.
Халықаралық телекоммуникацияда ITY деген мекеме бар. Соның мәліметіне сәйкес, былтыр әлем бойынша интернетті пайдаланатын адамдар саны 4,9 млрд-тан асты. саны Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінгі күні интернет пайдаланушылар 90,9% болды, - деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Мәжілісте.
Мусиннің айтуына қарағанда, интернет қолданушылардың саны ғана емес, олардың интернетке өткізетін уақыты да өсіп жатыр. Бұл фактілер байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар