Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады

2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады
ашық дереккөз
2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады
Министрлік 2023 жылдың аяғына дейін киіктерді атуға рұқсат бермеуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.
Бүгін біз киіктерді ату туралы мораторийді ұзарту жөніндегі ұсыныспен ақпарат жібердік. Біздің ұсынысымыз қолдау тапса, 2023 жылдың соңына дейін киіктерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы киіктерді атпаймыз, - деді Брекешев.
Еске салайық, биыл маусымда Экология министрі киіктердің санын реттеу үшін 80 мың киікті ату туралы түпкілікті шешім қабылданғанын мәлім еткен еді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар