Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда екі жаңа мереке күні енгізілмек. Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысы дайындалды.
Мерекелердің тізіміне екі жаңа күн енгізу ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг органдарының күні - 28 қаңтар;
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан.