Тараз: жаңа әкім 100 күнде не істеп үлгерді?
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің тағайындалғанына жүз күн толыпты. Әрине, 100 күн ішінде барлық мәселелерді реттеу мүмкін емес шығар. Дегенмен, Б. Әмірбекұлы көне шаһардағы мәселелердің өзектілігіне қарай шұғыл шешімдер қабылдауға тырысты. Сонымен 100 күнде не атқарылды? Қандай мәселелер шешімін тапты?
* Тараз қаласында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 3 жылдық жоспары әзірленді;
* Тараз қаласының Бас жоспары қайта қаралып, көлік-логистикасы мен сырт келбетін жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін түзетулер енгізілді;
* «Ұлы дала» (15 ш/а) шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспары қайта қаралып, өзгерістер енгізілді. Қайта жасалған жоспар қоғамдық талқылауға ұсынылады;
* 15-ші мөлтекауданның коммуникациялық желілерін ауыстыру басталды. Бүгінгі таңда 109 метр желі ауыстырылды;
* 14-ші шағын ауданның егжей-тегжейлі жоспары қайта жасалып инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы (газ, электр, жылу, су, кәріз және сыртқы байланыс желілері) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы өзгерістерге сәйкес, жүргізілген инженерлік-инфрақұрылым желілерінің қуаттылығы 2 есе өсті;
* Жасыл қаланың сыртқы келбетін жақсарту әрі тиісті күтім жасау үшін Тараз қаласындағы саябақтарда қызмет көрсетудің ережесі бекітілді;
* Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты 21.00, 24.00-ге дейін ұзартылды;
* Қосымша жаңа 30 автобус алынды (шекарада тұр);
* Шөлдала, Казарма, Химик алқаптарындағы жарықтың тариф құны төмендетілді, абоненттеу жұмыстары басталды;
* №61 мектеп айналасында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді: тротуар салынды, жарық жүргізіліп, аялдама орнатылды.
* Шөлдала алқабында канал үстіне көпір орнатылды;
* Тектұрмас тұрғын алқабына 10 маршрут іске қосылды;
* Құмшағал, Қызыл-Абад, Көлтоған алқаптарына 54А бағыты жүре бастады.
* 130 шақырым қараусыз қалған су құбырлары балансқа алынды;
* Алқаптарда 9 рет тұрғындармен кездесті;
* 9 округте халық алдындағы есеп беру кездесулері өтті;
* 14 жеке қабылдау өткізіп, 157 азаматты сұрақтарымен қабылдады.
Тараз қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасынан