Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды
ашық дереккөз
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды
Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласының қызметкерлерінің төл мерекесі атап өтілді. Ауданның ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосып жүрген дихандар мен өндіріс қызметкерлері, сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Ернар Есіркепов айтулы кәсіби мерекемен құттықтап, Құрмет және алғыс хаттар, арнайы төсбелгілерді табыс етті. - Бұл мереке – жер ананы идіріп, қырманды дәнге толтырған, ата кәсіп – мал шаруашылығын шалқытып, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың мерекесі. Агросала – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сондықтан да ауылды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету - бүкіл елімізді дамыту деген сөз. Бүгінде ауданымыз бен ауылдық округтерімізде осы сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде шағын және орта бизнес саласы, егін және мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде,- дей келе аудан басшысы бүгінде осы салада қызмет атқарып, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Мерекелік кеште сонымен қатар, егін және малшаруашылығын дамытудағы, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалаудағы үлесі үшін номинациясыларында жемісті еңбек етіп жүрген еңбек озаттары мен ардагерлеріне арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді. Биыл Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм көлемі 52,5 млрд. теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,7 млрд теңгеге артқан. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 149,9 мың гектарға жетсе, 108,0 мың га масақты дақылдың әр гектардан алынған орташа өнім 17,1 центнерді құраған. Өңірдегі төрт түлік саны да өсіп келеді. Ағымдағы жылы жалпы мал басы 793 644-ке жетті. Жыл басынан бері 126 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынып, 11,3 пайызға жаңарды. 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасына бұған дейін Құмарық ауылдық округінде сәтті жүзеге асса, биыл Абай ауылдық округінде жалғасын табуда. Салтанатты жиын аудандық мәдениет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар