ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ
Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып, жазушының мерейтойы облысымызда кең көлемде аталып өткені белгілі.
Мемлекет және қоғам қайраткерінің құрметіне арналған іс-шаралар тізбегі әлі де жалғасып жатыр. Солардың бірі – Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында кеше «Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы» тақырыбында өткен іс-шара. Рухани жиынның мақсаты – халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау.
Қазақ әдебиеті мен журналистикасы қаранарының өнегеге толы өмірі ұлықталған жиынға саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының през ид енті, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай, жазушының інісі, полковник Тастайбек Жарқынбекұлы, Ш.Мұртазаның сыныптасы Әбдуәлі Данаев қатысты. Сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев, филология ғылымдарының профессоры, шерхантанушы Меруерт Көпбаева, ардагер ұстаз, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты М еңдібай Әбілұлы, «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Назым Қожамарова және өзге де тарихшылар мен жазушының жақын туыстары әдемі кештің куәсі болды.
Жиын Ш.Мұртаза атындағы қазақ тілі мен әдебиеті сыныбының ашылуымен басталды. Жазушының есімі берілген кабинеттің лентасын Ш.Мұртазаның сыныптасы Әбдуәлі Данаев пен кабинеттің ашылуына демеушілік жасаған Қайрат Айтбай қиды. 10-сынып оқушысы Сабина Бейсентай кеш қонақтарын сыныппен таныстырды. Бұдан кейін Ә.Данаев пен жазушының келіні Райхан Мұртазаеваға, сондай-ақ Тастайбек Жарқынбекұлына және Керімқұл Бегалиевке сөз берілді.
Іс-шара әдеби-сазды кешке ұласты. Онда аталған мектеп-гимназияның өнерпаз оқушылары Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» әңгімесі бойынша қойылым ұсынып, философиялық ой-толғамға толы «Бір кем дүние» шығармасынан үзінді оқыды. Қойылымның көркемдік жетекшісі – ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мәкен Рахымжанқызы. Әдеби кеште қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұрлан Ерлан да өз өнерін ортаға салды. Ардагер ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің Кеш соңында Қайрат Айтбай керемет кештің ұйымдастырылуына атсалысқан мек теп ұжымына, өнерлерімен тәнті еткен оқушыларға алғысын білдіріп, мектеп ұжымына құнды кітаптар табыс етті. Өз сөзінде жыл соңына таман Астана қаласында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған іс-шаралардың жиынтығы ретінде республикалық форум өткізуді жоспарлап отырғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ наурыз айына таман мектепке арнайы көлік жіберіп, 30 шақты оқушыны Түлкібас ауданының әсем табиғатымен таныстырып, тарихи орындарды аралатуға уәде етті. Сонымен қатар қор атынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашевты Шерхан Мұртазаның мұраларын зерттеуге қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Шындықтың шырақшысы Шерхан Мұртазаның құрметіне ұйымдастырылған байқауда жеңімпаз атанған оқушылар да марапатталып, сыйақыға ие болды. Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Назым Қожамарова да мектеп ұжымына алғысын білдіріп, жазушының жазбалары мен күнделіктері топтастырылған кітапты сыйға тартты.
Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ
Келесі мақала