ӘУЛИЕАТАДА ӘУЕЗДІ ӘН ӘУЕЛЕДІ
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, композитор Ілия Жақановтың «Жайлаукөл кештері» атты шығармашылық кеші өтті.
Қазақ әндеріне бөлекше сарын қосқан композитордың кешінің алдында жазушы, өнер зерттеушісі, суретші І.Жақановтың «Жайлаукөл к ештері», «Таңғажайып махаббат» жән е жазушы Қ.Сәрсенбайдың «Дүлдүл» атты кітаптарының тұсауы кесілді.
Аталған кітаптардың тұсауын облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай және жазушы, драматург Елен Әлімжан кесті.
Айта кету керек, «Жайлаукөл кештері» атты кітап облыс әкімінің ұсынысымен, кәсіпкер Қанат Ордабаевтың демеушілігімен жарық көрген. «Дүлдүл» кітабы «Ана тілі» газетінің бас редакторы, жазушы Қали Сәрсенбайдың Ілия Жақановтың шығармашылығына арнаған жинағы. Ал «Таңғажайып махаббат» атты кітаптың авторы Ілия Жақановтың өзі.
Ары қарай кеш концерт алында жалғасын тауып, «Жайлаукөл кештері» тақырыбында өткен концерттік іс-шара А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры әртістерінің сахналандырылған композициясымен ашылды.
Шара барысында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов кеш иесі Ілия Жақановтың иығына шапан жауып, ілтипат көрсетті.
– Бүгін өзіміздің ағамыз, Ж амбыл жұртының ғана емес, күллі алаш халқының аяулы перзенті Ілия Жақанов ағамыздың мерейлі кеші өтіп жатыр. Біз кішкентайымыздан осы кісінің әндерін тыңдап өстік. Бұдан кейінгі ұрпақ та ағамыздың әндерінен өнеге-үлгі алады. Қазақ даласының кеңдігін бір-бірімен осы кісінің әндері жалғап, тұтастырып тұрғандай сезіледі маған. Бұл жыл біз үшін жаман болмады. Аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов ағамыз бен ақын Мұхтар Шахановтың да шығармашылық кешін осы залда өткіздік. Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын атап өттік. Осыдан бір апта бұрын ғана Әбдімомын Желдібаевтың күйімен тербеліп едіңіздер, енді міне, Ілия ағамыздың әндерімен сусындап отырсыздар. Біз осындай ұлы тұлғаларды тудырған бақытты елміз. Өздеріңізбен қашанда мақтанып жүреміз, – деді облыс әкімі Н.Нұржігітов.
Ал өз елінің ыстық ықыласына бөленіп, толқынысын жасыра алмаған композитор І.Жақанов өзінің кешіне келген Әулиеата жұртшылығына ризашылығын білдірді.
– Бүгін менің өмірімде ұмытылмайтын ең бір бақытты күн болды. Туған жерге келіп, құрметі мен мәртебесін көру, өздеріңіздей тілекші болып жүретін азаматтардың қ адал пейілі адамды шынында да толқытады екен. Концертте композитордың «Еділ мен Жайық», «Алматы кеші», «Асылым» және тағы басқа әндері орындалды. Сонымен қатар к ешк е Алматыдан арнайы шақырумен к елген Шәба Әденқұлдың орындауында ақын Қасымхан Бегмановтың сөзіне жазылған Ілия Жақановтың «Менің де дауысым естілер», «Арыс» деген жаңа әндерінің тұсауы кесілді.
Ш.ӘБДІРҰЛЫ
Келесі мақала