ҚАЗЫНАЛЫ ӨҢІР ҚАШАНДА ҚАСТЕРЛІ
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев алдымен «Ақтөбе-Баласағұн», «Құлан» қалашықтарына және «Ақыртас» кешеніне барып, өңіріміздің жауһар жәдігерлерінің бүгінгі жай-күйін көзбен көрді.
Шу және Т.Рысқұлов аудандарындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге ат басын бұрып, Ұлы даламыздың құндылықтарын сақтау және болашақ ұрпаққа аманат ету мақсатында облысымызда атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Дәурен Әскербекұлы мұнан кейін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен кездесті.
Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев 2022 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталды. Ал Дәурен Әскербекұлы министрліктің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен алдағы ауқымды жоспарлары бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.
– Мәдениетімізді мыңжылдықтарға жалғаған Жамбыл облысы – біз үшін қашанда қастерлі. Бүгін өздеріңізбен арнайы жүздесіп, ашық пікір алмасқымыз келеді. Алдымен атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, содан кейін сұхбатқа көшуге рұқсат етіңіздер.
Осы ретте мәдениет және өнер бағытына тоқтала кетсем, саладағы мемлекеттік стипендия 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Еліміздегі «Ұлттық» статусына ие мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы 75 пайызға артты. Биылдан бастап мәдениет, архив ісі ұйымдарының барлық санаттағы (A, B, C,D) қызметкерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға көтеріле отырып, нәтижесінде 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайды.
Тағы бір жағымды жаңалық, министрліктің тікелей атсалысуымен ұлттық биіміз «Ортеке» және Қожанасырдың ауызша фольклоры ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Қаламгерлер мен баспагерлерді мемлекет тарапынан ынталандыру мақсатында биылдан бастап алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын тағайындап отырмыз. Аталған сыйлықтың жеңімпаздарына 5 миллион теңге сыйақы берілді. Сонымен қатар еш жерде шығармалары жарық көрмеген жас қаламгерлерді қолдау мақсатында «Жаңа қазақ әдебиеті» атты серияны қолға алдық. Аталған жоба бойынша талантты қаламгерлер өздерінің туындыларын 3 мыңдық тиражбен басып шығару мүмкіндігін иеленеді.
Қазақстанда жас жазушылар мен ақындарға арналған президенттік арнаулы әдеби сыйлық жарияланады. Бұл сыйлық 2023 жылдан бастап, жыл сайын «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» атты 4 номинация бойынша 18 жастан 29 жас аралығындағы жас қаламгерлерге берілетін болады.
Келесі жағымды жаңалық – бұл мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдау мақсатындағы «Ұмай» ұлттық сыйлығы. Конкурстық негізде берілетін ұлттық премияның жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды. 19 номинация бойынша тағайындалатын ұлттық сыйлықтың жеңімпазы 2 миллион теңге сыйақыға ие болады.
Сонымен қатар министрлік эстрададан к лассик алық шығармаларға дейін әртүрлі бағыттағы м уз ык ал ық орынд аушылард ы қол д ауға бағытталған жалпы жүлде қоры 46 миллион теңгені құрайтын «DALA DAUYSY» республикалық байқауын жариялады. Байқау 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды.
Кино саласына да ерекше назар аударылуда. 2022 жылы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 60-қа жуық киножоба мемлекеттен қаржыландырылады. Мысал келтіретін болсақ, 2019 жылы 17 киножоба, ал 2020 жылы 39 фильм мемлекет тарапынан қолдау алды, ал биыл қаржыландыру 1,5 есеге артты.
Бүгінде анимация – балалар ғана емес, ересектерді де қызықтырып тұрған ерекше өнер түрі. Бұл бағытта біз «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысын ресми түрде іске қосқанымызды айрықша атап кеткім келеді. Ол өз кезегінде жас мультипликаторларға көбірек мүмкіндіктер беретін болады.
Елдің болашағы – бүгінгі балалардың қолында. Сондықтан өскелең ұрпақтың жеке әлеуетін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы керек. Осылайша бүгінде мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар белсенді іске асырылуда. Соның арқасында 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімд ерге спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік берілді. Республика бойынша 500 мыңға жуық бала мен жасөспірім 14 675 спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге қатысады, оларға 53,9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жамбыл облысында тек биылдың өзінде 4,8 мыңнан астам бала қосымша тегін үйірмелермен және 5,2 мыңнан астам бала спорт секцияларымен қамтылды, – деді Д.Әскербекұлы.
Министрдің айтуынша, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жоспарға сәйкес республика бойынша 1 500 объектінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жамбыл облысында 32 мәдениет нысанын жөндеу және 4 нысанның құрылысын бастау жоспарланып отыр екен.
Келесі кезекте Д.Абаев спорт саласына серпін беру мақсатында да нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Министрдің а йт уынша , а л д а ғы уа қытта сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін педагогтардың жалақысы базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайызға артады. Одан бөлек 2023 жылға дейін дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждердің қызметк ерлерінің жалақысы 100 пайызға жетеді. Сонымен қатар чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларын өмір бойы қамтамасыз ету мөлшері 4 есе өседі екен.
2024 жылға қарай спорт төрешілерінің жалақысы негізгі лауазымдық жалақының 100 пайызына дейін көтеріледі.
– Осыдан бірер апта бұрын біз Париждегі 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасын бекіттік. Қазір біз олимпиадалық лицензиялардың санына емес, ең ал д ымен медальдардың сапасына назар аударамыз. Жаттықтырушылар мен федерация басшылығының алдына ірі халықаралық жарыстарға ашық іріктеу және құрама командалар құрамын жасарту міндеті қойылды. Спортшылар контингенті 10 нөмірге дейін кеңейтілді. Ең алдымен, бұл бірінші нөмірлі спортшылар жарақат алған, допинг қолданған немесе мансабын аяқтаған жағдайда резервтік құрамның оңтайлы формасын сақтау үшін жасалады.
Жүзу және шаңғы жарысын дамытудың ұлттық бағдарламалары әзірленуде.
Спортшыларды даярлаудағы маңызды мәселе – оқу-жаттығу және жарыс процесінің барлық кезеңдерінде медициналық-биол огиялық сүйемел деуді қамтамасыз ет у. Осыған байланысты олимпиадалық спорт түрлерін кешенді ғылыми топтардың мамандарымен қамтамасыз ету көзделген. Бұл мақсатта біз шетелдік мамандарды тарта отырып, спорттық медицина және оңалту орталығын жаңғыртуды бастадық. Орталықтың негізгі басымдықтарының қатарында спортшылар үшін медициналық көмек тің сапасын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар бүгінгі таңд а спортшыл арымызд ы тол ыққанд ы мед ицинал ық қамтамасыз ету мақсатында ортал ықтың респу блик алық маңызы бар қалалар мен Астанада филиалдарын ашу мәселесі қарастырылуда, – деген Дәурен Абаев туризм саласына да тоқталды.
Мұнан кейін кездесу сұрақ-жауап кезеңіне ұласты. Алғашқы болып сауалын жолдаған әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Исламбек Дастан Қазақ хандығының 5 50 жылдығында ашылған «Көне Тараз» археологиялық паркінің арса-арсасы шығып қаңырап бос тұрғанын және спорт жаттықтырушыларының жалақысының аздығын тілге тиек етті.
– Жаттықтырушылардың жалақысын көтеру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 20-25 пайызға дейін өсуде. Сондықтан алдағы уақытта жаттықтырушылардың жанына батып жүрген мәселе де шешімін табады.
Ал «Көне Тараз» археологиялық паркі министрліктің емес, жергілікті әкімдіктің балансында. Дегенмен мәселені жақсы білеміз. Бүгін Жамбыл облысының әкімімен кездесемін. Сонда міндетті түрде сіз айтқан ғимараттың бүгінгі жай-күйін, алдағы уақытта не істейтінімізді талқылайтын боламыз, – деді Д.Абаев.
Журналист Нұржан Қадырәлі бұрынғы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін ашу туралы ұсынысын ортаға салды. Өз кезегінде Дәурен Әскербекұлы училище ашудың қаншалықты қажеттілігі жан-жақты зерделеніп, облыс әкімі тарапынан нақты ұсыныс түссе, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
Ал Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының бөлім меңгерушісі Бақтияр Көпжасаров мәдениет саласы қызметк ерлерінің жалақысы көтерілгенімен техник алық қызметкерлердің жалақысында өзгеріс жоқтығын және сала мамандарына арнап жатақхана соғу жайлы ойын ортаға салды.
Министр техн ик ал ық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатқанын, нақты шешім қабылданатынын жеткізді. Ал мәдениет және өнер қызметкерлеріне арнап жатақхана соғу әр өңірде жиі көтерілетінін, дегенмен мәселені шешу қомақты қаржыға келіп тірелетінін мәлім етті.
Жалпы кездесу барысында мәдениет және спорт қызметкерлері тарапынан саладағы өткір мәселелер бойынша көптеген сауалдар қойылып, министр тарапынан тұшымды жауаптар берілді.
Жиыннан кейін баспасөз өкілдерімен брифинг өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаған Дәурен Әскербекұлы Тараз қаласының аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді аралады.
Талғат НҰРХАНОВ
Келесі мақала