Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қатар-2022: Португалия жеңілгеннен кейін Роналду көз жасын ерік берді

Қатар-2022: Португалия жеңілгеннен кейін Роналду көз жасын ерік берді
ашық дереккөз
Қатар-2022: Португалия жеңілгеннен кейін Роналду көз жасын ерік берді
 Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Мароккодан жеңілгеннен кейін Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду көз жасын жасыра алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Төреші ысқырығы естілісімен-ақ К.Роналду мінбе астындағы орынға бет алды. Атақты ойыншының мұндай көңіл-күйге ерік беруі түсінікті еді. Қазіргі кезде 37 жастағы Роналдудың келесі әлем чемпионатына қатысуы неғайбыл болатын. Мароккомен матчта шабуылшы 51-минутта алаңға шықты. Сөйтіп ол Португалия құрамасы сапындағы 196-ыншы ойынын өткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен К.Роналду Кувейт ойыншысы Бадер Аль-Мутавамен теңесті. Бес дүркін «Алтын доп» иегері атанған Роналду осыншама рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. Еуропа және Ұлттар лигасының чемпионы деген атағы тағы бар. Ол – ұлттық құрамалар, Еуропа біріншілігі, Чемпиондар лигасы, клубтық әлем чемпионаты және «Реал» клубы (Мадрид) тарихындағы үздік сұрмерген. Оған тек әлем чемпионы деген атақ жетпейтін еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нидерланд құрамасын жолдан тайдырған Аргентинаның жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды. Бразилияда футбол жанкүйерлері төбелесіп, 1 адам көз жұмды. Марокко Португалияны жеңіп, ½ финалға жолдама алды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар