
ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы сайланды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат тілшісі.
Асламбек Мерғалиев 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған.
1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген.
Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді.
2001-2003 ж.ж. - Павлодар облыстық сотының бас маманы;
2003-2007 ж.ж. - Павлодар қалалық сотының судьясы;
2007-2008 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
2008-2012 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;
2012 -2014 ж.ж. - Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы;
2014 жылдың 17 маусымынан 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.
2015 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.
Келесі мақала
Жыл санап су тапшылығынан құтылып келеміз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдар Ұлытаудағы ең ірі су қоймасын қалпына келтіруге кірісті
- авторAR-AY
- 3 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Қазақстанның ұлттық құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатына қатысады
- авторAR-AY
- 3 қыркүйек, 2025