Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кореялық компания электр стансасын салмақ

Кореялық компания электр стансасын салмақ
ашық дереккөз
Кореялық компания электр стансасын салмақ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кореялық «Securo» компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания президенті Ким Чун Хо «Securo» компаниясының ағымдағы қызметі, инвестициялық жобалары және алдағы жоспары туралы хабарлады. Сондай-ақ ол инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру архитектуралық жобалауда жаңа технологияларды қолдану, экологиялық таза электр энергиясын өндіру IT саласында заманауи тәсілдерді пайдалану жөнінде жан-жақты баяндады. Нұржан Нұржігітов кәсіпкерді өңірді дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырып, агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіпті, жаңартылатын энергия салаларын дамыту бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Аймақ басшысы мен кореялық компания президенті энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын жан-жақты талқылады. Компания облысымызда қуаттылығы 270 МВт жылу электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Ол бойынша 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Жоба құны 180 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ тараптар 400 жаңа жұмыс орны құрылатын (өндірістік қуаты – жылына 60 мың тонна) ферросилиций өндіру жобасын іске асыру жоспарын қарады. Кездесуде облыс орталығындағы Smart-city құрылысы барысында ІТ-технологияларды енгізуге айрықша назар аударылды. – Жылу электр орталығы – маңызды нысан. Жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджетке түсетін салық түсімдері мен инвестицияның артуына септігін тигізіп, облыс экономикасына оң әсерін береді, – деді облыс әкімі. Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ким Чун Хо Жамбыл облысындағы жаңартылатын энергия секторын дамытудағы жұмыстарды жоғары бағалап, жобаларға қолдау білдірген өңір басшылығына алғысын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар