Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дархан Қыдырәлі БАҚ туралы жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді

Дархан Қыдырәлі БАҚ туралы жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз
Дархан Қыдырәлі БАҚ туралы жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БАҚ туралы жаңа заң жобасында журналистердің мәртебесін көтеру мәселесі қамтылатынын айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Бұл массмедиа туралы заң жобасына ерекше мән беріп отырмыз. Осы орайда жұмыс топтары халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен кеңінен талқылау жүргізеді. Жуық арада оны порталға шығарамыз, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан соң.
Оның айтуынша, заңда журналистерге мәртебе беру мәселесін, ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдету әрі тілшілердің жұмыстарына қатысты көптеген артықшылық бар. «Сондықтан массмедиа туралы заң жобасы журналистердің құқығын қорғауға бағытталған. Халықаралық ұйымдармен пікір алмасып жатырмыз. Үздік тәжірибелерді назарға аламыз. Бұл сапалы заң болады деп ойлаймын», - деді Дархан Қыдырәлі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар