Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Тыныш қана суретке түсіріп аламын». Вице-премьер дүкендегі бағаларды қалай қадағалайтынын айтты (ВИДЕО)

«Тыныш қана суретке түсіріп аламын». Вице-премьер дүкендегі бағаларды қалай қадағалайтынын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөз
«Тыныш қана суретке түсіріп аламын». Вице-премьер дүкендегі бағаларды қалай қадағалайтынын айтты (ВИДЕО)
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин дүкендегі бағаларды қалай қадағалайтынын айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Үкімет отырысынан шыққан министрге журналистер өтінішін жеткізді. «Сіздің жұмыс кестеңіз тығыз екенін білеміз... Алайда сізден өтініп сұраймыз. Журналистермен бірге дүкендерді аралауға уақыт табыңызшы! Азық-түлік бағасын тексерейік», - деді олар. Ал Серік Жұманғарин олардан мұның себебін түсіндіруді сұрады.
Сіз басқа бағаны, біз басқа бағаны айтамыз. Дүкенге барсақ, тауар 2-4 есе қымбат, - деді БАҚ өкілдері.
Алайда Сауда және интеграция министрі дүкендегі бағаларды журналистерсіз-ақ бақылап жүргенін атап өтті. «Мен вице-премьер болып, сіздермен бірге дүкенге барамын. Солай оның жұмысын тоқтатып қоямын. Мұның не керегі бар? Бұл – бизнес объектісі. Кәсіпкерлер шенеуніктер мен журналистер келгенде қобалжи бастайды. Мен барамын. Ештеңе керек болмаса да кешке барамын. Тыныш жүріп, бағаларды суретке түсіремін», - деді ол ағынан жарылып.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар