Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кедейлікті жою мүмкін емес, бірақ алдын алуға болады – Тамара Дүйсенова

Кедейлікті жою мүмкін емес, бірақ алдын алуға болады – Тамара Дүйсенова
ашық дереккөз
Кедейлікті жою мүмкін емес, бірақ алдын алуға болады – Тамара Дүйсенова
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елдегі кедейлік деңгейі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Кедейлік барлық елде бар. Абсолютті кедейлік және салыстырмалы кедейлік бар. Қазақстанда салыстырмалы кедейлік деп айтар едім. Жалақы өсіп жатыр, әлеуметтік төлемдер, қажеттіліктер мен бағалар да өсуде. Бұл әр уақытта осы мөлшерден төмен адамдарды бөліп көрсетеді. Кедейлер мүлдем болмайды деп айту мүмкін емес. Бірақ адамдарға дер кезінде қолдау көрсетуге және осы кедейліктің алдын алуға болады. Сол үшін біз Цифрлық картаны жасап шығардық», - деді Тамара Дүйсенова Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. Министрдің айтуынша, қазір кедейліктің салдарымен күрес жиі байқалады. Мысалы, асыраушысы жұмысынан айырылған отбасына жұмыс табуға немесе уақытылы әлеуметтік төлем беруге болады. «Мен бір өңірге сапарлап бардым. Онда бір көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақы түрінде шамамен 110 мың теңге алуы керек еді. Олар мұны білмеген және 25 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Мұны біз уақытылы хабардар етсек, бұл отбасының жағдайы анағұрлым жақсы болар еді. Қазір көп жұмыс жағдайдың алдын алуға бағытталады. Бізде Қазақстанда 200-ден астам заң бар, адамдар өздерінің құқықтары туралы ақпарат алуы керек, не нәрсеге құқы барын білуі қажет. Одан кейін өз таңдауларын жасай алады», - дейді Еңбек министрі. Бұған дейін министр бюджеттік ұйымдардың барлық жалақысы өсетінін айтқан еді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар