Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Менің елім…

Менің елім…
ашық дереккөз
Менің елім…

Кешегі бабаларымыз аңсап, елдің егемендігі үшін қанын да, жанын да аямаған күрескерліктің жемісі бұйырған біз бақытты ұрпақпыз. Тәуелсіздік алғалы бергі 31 жыл ішінде еліміз сан сынақтан өтіп келеді. Кездескен кедергілерді брлікпен жеңіп те жүрміз. Жемісті нәтижесін берген, халық игілігіне арналған істің бәрі де Тәуелсіздіктің арқасында екені әммеге аян. «Менің елім» деген мақтанышпен мен бүгін Тәуелсіздік жемістерін сөз еткім келеді.

Бір кездерде ұмыт болуға айналған халықтық дәстүрлеріміз қайта жаңғырып, ұлттық құндылықтарымыз тұрмыстық қолданысқа енгенін де көз көрді. Айталық, бұрынғы жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ата-әжелеріміздің кезінде ауылдастар жиналып үй тұрғызған «Асар» дәстүрі бүгін де қайта қолға алынды. Мәселен, бүгінде мен тұрып жатқан Т.Рысқұлов ауданында «Асарлатып үй салу» жобасымен өткен жылы 14 үй салынып, өз иелеріне берілген. Ал биыл 13 отбасына баспана тұрғызып беру жоспарланыпты. Жақында ғана ауданымыздың Көгершін, Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдарында 3 үй асарлатып салынып, көмекке мұқтаж отбасыларына берілді.

Тағы бір қуана айтқым келетіні – жуырда ауданымыздан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық бірлестігінің филиалы ашылды. Онда бас қосқан аналарымыз ұлттық дәстүрлермен қатар ұлттық, адам ағзасына пайдалы ас-сусындардың әзірленуін жас ұрпаққа насихаттайды. Жасалу жолын үйретеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырады.

Келесі жылы ауданымызға 85 жыл толады. Ал, Тәуелсіздік алғалы бергі 31 жыл ішінде ауданымыз қарқынды дамып келе жатқанын мақтанышпен айтқым келеді. Ауыл тұрғындарының игілігі үшінкөпқабатты ғимараттар салынуда. Мысалы аудан орталығында Арай тұрғын үй алқабында 5 қабатты 80 пәтерлі 2 тұрғын үй салынды. Оның жанында 300 орындық мектеп бой көтеруде. Бұл 20 мыңға жуық тұрғыны бар Құлан ауылы үшін қуанышты жаңалық.

Былтыр ғана Жеңіс саябағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи кейіпке енді. Биыл Ақыртөбе, Р.Сәбденов және Көгершін ауылдарында спорттық сауықтыру кешендері, Көгершін ауылында 90 орындықты мәдениет үйі салынуда.

Енді өзімнің туған ауылым туралы айтсам, 2020 жылы «Үздік ауыл» атағын алды. Себебі, біздің Абай ауылында мүлдем ішімдік сатылмайтын болды. Және жас отбасылар арасындағы ажырасуды тоқтату үшін жасыүлкендер белсенді араласып, кей отбасыларында туындаған мәселелерді ушықтырмай, ақылмен шешу қолға алынды.

Тау етегінде, үлкен жолдың бойында орналасқан, тамылжыған табиғаты бай ауылымның бірлікпен берекелі іске ұйысқаны біз үшін зор мақтаныш. Осындай ынтымақпен алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге бірге жететінімізге сенемін.

Дильназ Төлен,

Балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушісі.

Т.Рысқұлов ауданы.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар