Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды
ашық дереккөз
Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды
1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге рұқсат жоқ, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Мұндай норма «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 590-бабы 5-бөлігінде көзделген. Яғни, 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ( 15 900 теңге) айыппұл салынады. Ішкі істер министрлігі қыстың басталуы мен суық ауа райына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Аталған ереже бір жыл ішінде қайталап бұзылса, айыппұл көлемі артады. Мұндай талапқа жазғы шинаның қыста қатып қалып, тұтқырлық қасиетінен айырылатыны себепкер. Бұл көлік қозғалысының тәртібін бұзуға, тіпті, кейде көлік апаттарына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал қысқы дөңгелектер қойылатын талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті арқылы реттеледі. Ол регламент бойынша, қыс мезгілінде жүруге рұқсат етілетін бұдырлы шиналар «М+S», «M&S» және «MS» белгілерімен таңбаланады. Ал шинадағы кедір-бұдырдың тереңдігі 4 миллиметрден кем болмауы шарт.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар